Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кей азаматтарды әскерден босату бойынша ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Светлана Жақыпова кәсіби-техникалық білім алған жастарды міндетті әскери борышын өтеуден босатып, мамандығы бойынша дағдыларын жетілдіруді ұсынды.
Министрдің айтуынша, бұл сала мамандарына әскери кафедра ашу тиімді болмақ.
«Жігіттер 19 жасқа толғанда бірден әскерге шақырылады. Біз ол балаларды әскерге алмай, жұмысқа тұрғызып, біліктілігін көтеру қажет деп ойлаймыз. Оларға әскери кафедра ашып, әскерден босату керек. Кәсіби-техникалық білім алған жастар әскерден босатылу үшін шақырылған жерге барып, жұмыс істеуі керек. Бізде осындай ұсыныс бар», деді Светлана Жақыпова.