2014 жылғы 28 шілде, Астана қаласы
Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшылармен шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері.
3. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің төрағасы Т.ЕСЕНТАЕВ.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі №296 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары дәрежелі спортшылармен шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері
№ Адамдардың санаты және жарыстың атауы Алған орын Шарттар бойынша ай сайын ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары) Ескертпе
1 Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар 1 орын 700 (жеті жүз) бастап 7500 (жеті мың бес жүз) дейін Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.
2 орын 500 (бес жүз) бастап
5500 (бес мың бес жүз) дейін
3 орын 300 (үш жүз) бастап 3500 (үш мың бес жүз) дейін
2 Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 1 орын 700 (жеті жүз) бастап 3000 (үш мың) дейін Төлемдер Паралимпиада, Сурдлим-пиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы тө-ленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын ор-ындағаннан кейін Паралимпиада, Сурд-лимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.
2 орын 500 (бес жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін
3 орын 300 (үш жүз) бастап 1500 (бір мың
бес жүз) дейін
3 Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 1 орын 700 (жеті жүз) бастап 4000
(төрт мың) дейін Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Олимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады.
2 орын 500 (бес жүз) бастап 3000 (үш мың) дейін
3 орын 300 (үш жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін
4 Паралимпиада, Сурдлимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері 1 орын 700 (жеті жүз) бастап 3000
(үш мың) дейін Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан кейін жүзеге асырылатын болады.
2 орын 500 (бес жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін
3 орын 300 (үш жүз) бастап 1500 (бір мың
бес жүз) дейін
5 Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері 1 орын 700 (жеті жүз) бастап 4000
(төрт мың) дейін Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады
2 орын 500 (бес жүз) бастап 3000 (үш мың) дейін
3 орын 300 (үш жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін
6 Азия ойындарының (жа-бық ғимараттар-дағы Азия ойындарын, Жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиа-да, Сурдлимпиада ойында-рын, Азия ойындарын қоспа-ғанда) чемпиондары мен жүлдегерлері 1 орын 500 (бес жүз) бастап 1000
(бір мың) дейін Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия ойындарына дейін жүзеге асырылады.
2 орын 300 (үш жүз) бастап 700 (жеті жүз) дейін
3 орын 200 (екі жүз) бастап 400 (төрт жүз) дейін
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі №296 бұйрығына 2-қосымша
Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша
ақша төлемінің мөлшері
№ Адамдардың санаты және жарыстың атауы Ал-ған орын Шарттар бойынша ай сайын
ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары) Ескертпе
1 Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар 700 (жеті жүз) бастап 4000
(төрт мың) дейін
2 Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жеке жаттықтырушылар 500 (бес жүз) бастап 2000
(екі мың)
дейін
3 Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар 700 (жеті жүз) бастап 4000
(төрт мың) дейін Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олим-пиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарт-тарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтіз-белік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.
4 Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар 500 (бес жүз) бастап 2000
(екі мың)
дейін Төлемдер Паралимпиада, Сурдлим-пиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді.
5 Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушы кеңесшілер 800 (сегіз жүз) бастап 10000
(он мың) дейін
6 Спортшылары Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажшылары 500 (бес жүз) бастап 1500
(бір мың
бес жүз)
дейін
7 Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының, олипиадалық спорт түрлері бойын-ша әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар командалардың сервисмені, психологы, механигі және басқа да мамандары 500 (бес жүз) бастап 2000
(екі мың)
дейін
8 Кешенді ғылыми топтың мүшелері 300 (үш жүз)бастап 1500 (бір мың бес жүз) дейін
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9677 болып енгізілді.