2014 жылғы 29 шілде, Астана қаласы
Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы
2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Спорттық аттақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы Т.ЕСЕНТАЕВ.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығына 1-қосымша
Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру тәртібін айқындайды.
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларына және талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаттықтырушылар мен спортшыларға және спорттық атақтар, разрядтар берудің тәртібі
3. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын, осы бұйрықтың 11-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарына дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.
4. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер», 1 разрядты спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
5. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
6. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
1) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін - төрешілер алқасы «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы кемінде үш төрешіден тұрады;
2) спорттық разрядтар беру үшін:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы үш төреші;
1-разрядты спортшыға - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші;
2-разрядтағы спортшыға және 3-разрядтағы спортшыға - «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;
1-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 2-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 3-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери және әскери құрылымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерінен спорттық разрядтарды беруді уәкілетті органдармен келісу бойынша олардың өздері жүзеге асырады.
8. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар тиісті спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларын және талаптарын орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.
9. Жаттықтырушыға және (немесе) спортшы (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi» спорттық атағын беру үшін:
осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін:
осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
3) «Спорт шеберіне кандидат» спорттық разрядын беру үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
4) «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
5) «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру үшін:
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрлер бойынша аккредитілген облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
10. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.
3. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібі
11. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» біліктілік санаттарын уәкілетті орган береді.
12. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы», «Бірінші санатты спорт төрешісі» біліктілік санаттарын дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы береді.
13. «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», спорт төрешісі біліктілік санаттарын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
14. Қызметкерге біліктілік санаттарын беру 5 жыл ішінде кемінде бір рет біліктілік курстарынан өткен жағдайда, оның біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдаудың негізінде өткізіледі.
15. Санаттар жаттықтырушының спортшымен кемінде екі жыл жұмыс істеген өтілі болған жағдайда және комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.
16. Берілген біліктілік санатының қолданыс мерзімі аяқталысымен, біліктілік санатын қорғауға өтінім бермеген немесе оны қорғамаған қызметкер өзінің біліктілік санатын растайды. Өзінің біліктілік санатын растамаған қызметкердің біліктілік санаты тиісті біліктілік комиссиясының шешімімен санаттың бір деңгейіне төмендейді.
17. Жоғары санат талаптарын орындаған және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар жаттықтырушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.
18. Біліктілік санаты төмендегі спорт түрлерін, велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сонымен қатар спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін көтеру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсыруды қоспағанда, бір спортшыны дайындаған бірнеше жаттықтырушыға берілмейді.
Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсырған жаттықтырушылардың спортшыны тапсырылған сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге құқылары бар.
19. Қолданыс мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініштерінің негізінде мына жағдайларда ұзартылады:
1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыста болуы;
3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.
20. Жаттықтырушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спортттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
21. Әдіскерге (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру (және/немесе растау) алу үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
22. Нұсқаушы-спортшыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы димпломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрлері бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) алу үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
23. Спорт төрешісіне (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «Ұлттық спорт төрешiсi» төреші санаттарын беру үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) «Бірінші санатты спорт төрешісі» төреші санатын беру үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,
3) «Спорт төрешісі» төреші санатын алу үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің немесе төрешілік туралы анықтамасы төрешілігін растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі.
4. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия
24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру мәселелерін алқалы қарау үшін спорттық атақты, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге уәкілетті органда консультативтік-кеңесші орган - қажеттілігіне қарай шақырылатын Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Төрағасы, төрағаның орынбасары, спорттық аттақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкерлері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары, жетекші жаттықтырушы-оқытушылар кіреді. Төрағаның жоқ болған кезде оның міндеттерін орында қалған тұлға орындайды.
26. Егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 көбі қатысса комиссияның отырысы заңды деп саналады.
27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
28. Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
29. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі комиссияның хатшысымен жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімі қабылданғанда дауыс құқығы жоқ.
30. Комиссияның отырысына ұсынылған құжаттарды қарау барысында Комиссия спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру туралы немесе спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тарту туралы шешімін қабылдайды.
31. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері қол қояды.
32. Спорттық атақты, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге уәкілетті органы комиссия қорытындысының негізінде қызметкерлерге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру туралы бұйрық шығарады.
5. Ереженің қорытындысы
33. Спорттық атақты, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге тапсырған құжаттардың қарау мерзімі уәкілетті органда құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн құрады.
34. Беру қорытындысы бойынша:
осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық атақтардың, разрядтардың куәлігі және (немесе) бұйрықтың көшірмесі беріледі;
осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәлігі немесе бұйрықтың көшірмесі беріледі.
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
___________________________________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасы _____________________________________________________________
ӨТІНІШ
_______________________________
(спорт түрі)
Мен, ______________________________________________________________________________________
Туған жылы _________________________________________________________________________________
Спорттық атағы _____________________________________________________
Жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі ________________________________________________________
Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________________________________
Маған _____________________________________________________________________________________
беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
Мына нәтижелерді спорттық атақ беру үшін негіздеме ретінде санаймын:
___________________________________________________________________________________________
20__ ж. «___» ______________ ____________________
(жеке қолы)
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
ҰСЫНЫМ Атағы Фотосурет орны
Спорт түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады) Туған күні
ЖСН
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала) Ведомство Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны Білімі Дене шынықтыру білімі
Спортпен шұғылдану өтілі
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы Атақ берілген немесе расталған күні
Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жаттықтырушылық санаты
Аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы
Басшы ________
МО
Күні 20___ ж. «__»___ Дене шынықтыру және спорт басқармасы
(облыс, қала)
Басшы ________
МО
Күні 20___ж. «__»___ Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы
Басшы ________
МО
Күні 20__ж. «__»___
Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. «___» ________________
Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні (күні, айы, жылы) Жарыстардың атауы Жарыс дәрежесі, санаты Көрсеткен нәтижесі
Төреші лауазымы Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қала (ел) Төрешілік санаты
Бас төреші
Бас хатшы
Аға төреші
Атақ беру туралы белгі Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Лауазымы
Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі
Жіберілген күні 20__ ж. «___» ______________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
ҰСЫНЫМ Атағы Фотосурет орны
Спорт түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады) Туған күні
ЖСН
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала) Ведомство Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны Білімі Дене шынықтыру білімі
Спортпен шұғылдану өтілі
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы Атақ берілген
немесе расталған күні
Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жаттықтырушылық санаты
Бастапқы дене шынықтыру ұйымы
Басшы ________
МО
Күні 20___ ж. «__»___ Дене шынықтыру және спорт басқармасы
(облыс, қала)
Басшы ________
МО
Күні 20___ж. «__»___ Аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы
Басшы ________
МО
Күні 20__ж. «__»___
Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. «___» ________________
Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні (күні, айы, жылы) Жарыстардың атауы Жарыс дәрежесі, санаты Көрсеткен нәтижесі
Төреші лауазымы Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қала (ел) Төрешілік санаты
Бас төреші
Бас хатшы
Аға төреші
Атақ беру туралы белгі Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Лауазымы
Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі
Жіберілген күні 20__ ж. «___» ______________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
ҰСЫНЫМ Атағы Фотосурет орны
Спорт түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады) Туған күні
ЖСН
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала) Ведомство Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны Білімі Дене шынықтыру білімі
Спортпен шұғылдану өтілі
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы разряд Атақ берілген немесе расталған күн
Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Жаттықтырушылық санаты
Бастапқы дене шынықтыру ұйымы
Басшы ________
МО
Күні 20___ ж. «__»___ Дене шынықтыру және спорт бөлімі (қала, аудан)
Басшы ________
МО
Күні 20___ж. «__»___ Аккредителген жергілікті спорт федерациясы
Басшы ________
МО
Күні 20___ж. «__»___
Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. «___» ________________
Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні (күні, айы, жылы) Жарыстардың атауы Жарыс дәрежесі, санаты Көрсеткен нәтижесі
Төреші лауазымы Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қала (ел) Төрешілік санаты
Бас төреші
Бас хатшы
Аға төреші
Атақ беру туралы белгі Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Лауазымы
Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі
Жіберілген күні 20__ ж. «___» _________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 5-қосымша
Нысан
___________________________________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасы ______________________________________________________________
ӨТІНІШ
_____________________________
(спорт түрі)
Мен, _______________________________________________________________
Спорттық атағы _____________________________________________________
Жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі ______________________________
Үйінің мекенжайы: __________________________________________________
Маған _____________________________________________________________
беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме ретінде
санаймын: __________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының және спорттық төрешілердің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым ____________________
20__ ж. «___» ______________ ____________________
(жеке қолы)
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын берудің қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с
№ Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған жылы Спортшымен жұмыс істеген өтілі Растаушы құжат Спорттық нәтижесі Тіркелген (берілген) орны Растаушы құжат
Басшының қолы ____________________
М.О. 20__ ж. «___» _______________
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) басқарма басшысының қолы ____________________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с
№ Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған жылы Спортшымен жұмыс істеген өтілі Растаушы құжат Спорттық нәтижесі Тіркелген (берілген) орны Растаушы құжат
Басшының қолы ____________________
М.О. 20__ ж. «___» _______________
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі қалалық (аудандық) бөлімінің басшының қолы ____________________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с
№ Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған жылы Спортшымен жұмыс істеген өтілі Растаушы құжат Спорттық нәтижесі Тіркелген (берілген) орны Растаушы құжат
Басшының қолы ____________________
М.О. 20__ ж. «___» _______________
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 9-қосымша
Нысан
КУӘЛІК
Беттік жағы Сыртқы жағы
_______________________________
(органның атауы) ________________________________
(наименование органа)
№ ____ куәлігі
____________________
(тегі) _________________________________
(фамилия)
____________________
(аты) _________________________________
(имя)
____________________
(әкесінің аты (бар болса)) _________________________________
(отчество (в случае наличия))
_________________________ атағы берілді
(спорт түрі, атақтың атауы) Присвоено звание _____________________
(наименование звании, вид спорта)
Берілді _________________________
(датасы, бұйрықтың №) Выдано __________________________
(дата, № приказа)
Төраға _________________ Т.А.Ә.
(қолы) М.П.
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті және жергілікті атқарушының атауы
___________________________________________________
біліктілік санатын беру туралы
№ ____КУӘЛІК
Осы куәлік __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________берілді
20____жылғы «____»________________ № _________ комиссиясының
шешіміне, сәйкес, оған _______________________________________________
___________________________________________________біліктілік санаты берілді.
Біліктілік комиссиясының төрағасы_____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Біліктілік комиссиясының хатшысы _____________________________________
___________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
«____»_______________
(берілген күні)
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығына 2-қосымша
Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қазанда № 158 (1558) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырда № 215-216 (26614) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 14 маусымда № 187 (26608) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7652 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 шілдеде № 369-374 (27448) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2012 жылғы 7 шілдеде № 211-212 (27030-27031) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 қазандағы № 344 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8865 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашасында № 263 (28202) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2013 жылғы 28 қарашасында № 325 (27599) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9675 болып енгізілді.