• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2015

Байтақ ел болашағы Сізге аманат

322 рет
көрсетілді

Халқыңыз қуаныштан шашқан жақұт, Көтеріп төбесіне аспандатып, Тізгінін тағы ұстатты Өзіңізге, Нұраға, бар ма бұдан асқан бақыт!?   Тұлғасыз туа қалған ел бағына, Қалқан боп қатты соққан жел жағына. Арқалап алты Алаштың ауыр жүгін, Жеткіздің қазағыңды арманына!   Қырандай самғап ұшып шарықтаған, Айналдық, қанатыңнан талықпаған! Көтерген Мәңгілік Ел шаңырағын, Риза шын жүректен халық Саған!   Қиыннан көсем салған ізге қарап, Қағамыз биіктерге біз де қанат! Тілеген тілегіңді бірауыздан, Байтақ ел болашағы Сізге аманат! Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Астана.