Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов «кәсіпкер Хасан Қасымбаевтың Шерзат Болаттың өлімі бойынша іске қандай қатысы бар?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кез келген ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамындағы кез келген тұлғалардың әрекеті қазір тексеріліп жатыр. Бізде «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық тобы тіркелмеген.Осы істің бір бөлігі ретінде мен ауызша портретті ұсына аламын. Олардың екеуі ипподромда, бірі Шымбұлақта жұмысшы, тағы біреуі сұлулық салонында жұмыс істейді», деді Бауыржан Әленов.
Ішкі істер министрлігі сондай-ақ бұл қылмыстық іске Хасан Қасымбаевтың қатысы жоқ екенін айтты.
«Хасан Қасымбаевтың осы тергеу амалдары, қылмыстық іс бойынша ешқандай статусы жоқ», деп жауап берді Әленов бүгінгі брифинг барысында.