• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:25

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болды

39 рет
көрсетілді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болған. Апат салдарынан үш көлік пен бірнеше адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 00:50-де Алматының Медеу ауданында болған.

«Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесінің қиылысында рульді басқара алмай, сол бағытта келе жатқан Лексус көлігімен соқтығысқан. Кейін Toyota Camry көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан», деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, апат салдарынан бес адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі бар.

Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кіріскен.