• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Тиянақты стратегиялық жоспарлау маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Адизес институтының бас директоры Ицхак Адизеспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында инсти­­­туттың Қазақстандағы ірі компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы басқа­ру­дың озық қағидаттарын енгізудің, отандық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін тиянақты стратегиялық жоспарлаудың маңызды екенін атап айтты. И.Адизес мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілеріне қатысты пікірлерін білдірді. Бұл орайда, ол Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін негізгі құрылым болып сана­ла­тын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың трансформация­лау­ бағдар­ламасын әрі қарай жүзеге­ асырудың маңыздылығына тоқталды. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар