Қылмыс 21 Қазан, 2024

Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткен

70 рет
көрсетілді

Талғарда зорлау оқиғасында күдікті деп танылған азамат уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қашқынды ұстау үшін «Сирена» жоспары енгізілді.

Негізгі бағыттарда блокбекеттер қойылып, полицияның барлық күштері күдіктіні іздеуге және ұстауға жұмсалып жатыр.

Сонымен қатар К. есімді күдіктінің қашып кетуіне қатысты мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тексеріс басталды.

«Оқиға облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», деп хабарлады ведомство.