• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2015

* Басқа басылымдардан

209 рет
көрсетілді

«EFE» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың институттық реформалар жүргізу үшін тағы бір мерзімге президенттік лауазымда болатынын жария етті. «Қазақстандықтардың көпшілігі есептеп отырғанындай, Іс басындағы Президенттен бәсі артық балама қазір жоқ», – дейді саясаттанушы Досым Сәтбаев. Оның пікірінше, ел халқы Президентті елдегі экономикалық және саяси тұрақтылықтың гаранты деп санайды. Осы орайда, Қазақстандағы көптеген этностық топтар да Мемлекет басшысын ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі ретінде қолдайды. 21 сәуірде жарияланған «Ipsos MORI» сауалдамасының нәтижесі қазақстандықтардың 91 пайызы Назарбаевтың басшылығына көңілдері өте жоғары деңгейде толатынын немесе негізінен толатынын көрсетіп берген болатын. Тұрақтылықтың құндылығын, сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов та атап көрсетті. Ол өзінің сөзінде былай деді: «Алдағы жыл Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Өйткені, Қазақстан 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне дайындалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өзінің кандидатурасын ілгерілетіп отыр». Қазақстандық сайлаушылар өткен жексенбі күні өздерінің президенттерін таңдау үшін сайлау учаскелеріне көптеп барды. Келер жылға белгіленген президенттік сайлау Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша 2015 жылға ауыстырылды. Өйткені, әлемді құрсауына алған күрделі экономикалық жағдай Қазақстанға да әсер етпей қоймайтыны түсінікті. Сондықтан мұндай күрделі жағдайдан елді тәжірибесі мол саясаткер ғана алып шыға алады. Жалпы, халықаралық болжамдар үстіміздегі жылы Қазақстанның экономикалық өсімі айтарлықтай болатынын айтады. Осы орайда атап көрсететін бір жайт, аталған орталықазиялық республика посткеңестік кеңістіктегі аса ірі трансұлттық интеграция жетекшілерінің бірі болып табылады. «Ағымдағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан өркендеу жылдарында зор қаржылық резерв жинақтап үлгерді. Енді Астана өтпелі қиындықтарға жеңіл шыдас беретін жағдайда», – деген еді Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Парижде «Efe» агенттігіне берген сұхбатында. Күткендегідей, Қазақстандағы сайлау үдерістеріне дауыс беруге құқы бар қазақстандықтардың рекордтық саны қатысты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің есептеуіне қарағанда, бүгінде 20 мыңнан астам қазақстандық шетелдерде тұрып жатыр, ал оларды сайлауға қатыстыру үшін барлық жағдай жасалды. «Яғни, Қазақстанның бүкіл әлемдегі дипломатиялық миссиялары не қажеттінің бәрімен толықтай қамтамасыз етілді», – деді осы орайда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Сайлау алдындағы ұлттық сауалдамалар көрсетіп бергеніндей, дауыс берулердің қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың өте көп дауысына ие болды. Кейбір сарапшылар Іс басындағы Президентті жақтаушылардың көптігін елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықпен түсіндіреді. «Қазақтардың басым бөлігі үшін Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің гаранты болып отыр және бұл экономикалық көрсеткіштермен қуатталады», – деді тағы да Е.Ыдырысов. Қазақстанда өмір сапасы өте жоғары. Ел халқы бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең жоғары еңбекақы алады. Тіпті, елдегі көптеген сыни пікір білдірушілердің өзі Нұрсұлтан Назарбаевты нағыз көшбасшы санайды. Өйткені, ол Қазақстан қалыптасуының алғашқы күрделі жылдарында ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып және елдегі этносаралық қақтығыстарды болдырмай, кім-кіммен де келіссөздерді ұтымды жүргізе білді. Ол, сондай-ақ, Қазақстанның екі жағында жатқан қос алып – Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ, Батыспен әрқашан геосаяси тепе-теңдікті үлкен шеберлікпен ұстай білді. ...Астана мен Алматы көшелеріндегі сұралған адамдар іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдайтындықтарын мәлімдеген еді. Шын мәнінде, солай болып та шықты. Осының өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін қандай рөлге ие екенін анық байқатады. Түркияның «Джихан» ақпарат агенттігі өткен жексенбі, сайлау күні 9,5 миллион қазақстандықтың сайлау учаскелеріне барғанын атап көрсетті. Енді сайланған кандидат Қазақстан Республикасының Президенті лауазымында бес жыл жұмыс істейтін болады. Нұрсұлтан Назарбаев осының алдында, яғни 2011 жылы өткен президенттік сайлауда да 95,5 пайыз дауыс алып, қарсыластарына  қарағанда үлкен басымдықпен жеңіске жеткен еді. Алдын ала қорытындыларға қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы президенттік сайлауда да үлкен басымдықпен жеңіске жететіні еш күмән туғызбайды. АҚШ-тың «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігі Іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлау алдында дауыс беру сайланған Президентке елді алдағы күрделі кезеңнен ауыртпалықсыз алып шығу үшін нақты мандат береді деген пікір білдіргенін көлденең тартты. «Бұл жолғы президенттік сайлау Қазақстандағы тұрақтылықты нығайта түседі. Бұл елімізді орнықты дамыту үшін және экономикамыз бен қоғамымызды жаңғырту жөнінде басталған кең ауқымды міндеттерді соңына дейін жеткізу үшін негізгі алғышарт болып қала береді», – деген еді Н.Назарбаев. «Мен Назарбаевқа дауыс бердім, өйткені, менің өміріме ешқандай өзгерістердің қажеті жоқ. Менің іс басындағы биліктің іс-әрекетіне көңілім толады және қазіргі жағдай өзімді бақытты сезінуге мүмкіндік береді, – дейді 43 жастағы Данияр Ержанов. – Біздер, бизнесмендер үшін қазіргі Украинадағы сияқты демократияның түкке де қажеті жоқ. Бізге тұрақтылық және болжамдылық қымбат».