• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Жаңа балабақша

421 рет
көрсетілді

Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде 90 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Жаңа нысанның бой көтеруімен ауылда балабақша мәселесі толықтай шешімін тапты. Ауыл тұрғындары бүлдіршіндерінің талапқа сай ғимаратта тәрбиеле­нетініне дән риза. Облыс әкімі өз сөзінде Елба­сы­мыздың бүлдіршіндерді балабақ­шамен толық қамту қажеттігін межелі міндет ретінде тапсырғанына тоқталды. Балабақшалар тек бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан жоқ. Кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары да балабақша ашуға өз үлестерін қосып отыр. Яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі енгізілген. Соның арқасында бүгінде облысымызда жекеменшік балабақшаның саны артып келеді. Жаңақорған ауданының орта­лығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Нұрлы сенім» балабақшасы жұмыс жасайды. Бұл жеке балабақша. Әрине, он екі мү­шесі сау емес балалармен жұмыс жасаудың өзіндік қиыншылықтары бар. Балабақша  аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі мектепке дейін­гі балаларды сауықтырып және әр баланың жағдайына қарай білім беріп, қоғамда өз орындарын алуына үлес қосып келеді. Экологиялық аймақтың зардабын шеккен балалар үшін бұл да үлкен көмек екені жасырын емес. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.