Елбасын кезектен тыс президенттік сайлауда бұрын болмаған деңгейде халықтың қолдауымен жеткен жоғары жеңісімен барлық ардагер-генералдардың атынан шын жүректен құттықтаймын. «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Президенттің «Нұрлы Жол», одан да басқа Қазақстанды дүниежүзінің алдыңғы 30 мемлекеті қатарына жеткізетін бағдарламаларды бірауыздан қолдап, олардың іске асуына бар білімін, күшін, ынтасын салады. Қазақстан аяғына нық тұрған саламатты, өркениетті, экономикасы жоғары деңгейлі мемлекеттер қатарынан өзінің тиісті орнын тауып отыр.
Рүстем ҚАЙДАРОВ,
«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
әділет генерал-майоры.
АЛМАТЫ.