• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Сынақ

281 рет
көрсетілді

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2015 жыл өзіндік жұмыс ырғағымен басталды. Нақтырақ айтқанда, әскери-жауынгерлік жоспарға сәйкес Шекара академиясының оқу орталығында өңірлік басқармалардың, құрамалар мен әскери бөлімдер командирлерінің оқу-методикалық жиыны болып өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен келген басшылық құрам Шек­ара қызметі директорының бі­рінші орынбасары – бас штаб бастығы Е. Алдажұмановтың, директордың орынбасары полковник М. Сәбидолдановтың және орталық аппарат офицерлерінің басшылығымен әскери-жау­ынгерлік, денешынықтыру жә­не саптық қозғалыс пәндері бойынша өз білімдерін қайта пы­сықтады. Сондай-ақ, жи­ын бағдарламасына сәйкес Қазақ­стан Республикасының заңды­лықтарын оқыту, Қарулы Күш­тердің жарғыларын пысықтау үшін арнайы семинар, лекциялар ұйымдастырылды. Жиын барысында көшпелі практикалық сабақтар өткізу де басты назарда болды. Оның ішінде командирлер Алматы гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің, жөндеу зауытының, орталық қойманың тыныс-тіршілігімен танысты. Жиын соңында Шекара қыз­метінің басшысы полковник Д. Ділманов ең алдымен жиынның жоғары деңгейде, жинақы жағдайда өткізілгенін атап өтті. Осындай ұйымдастырушылық қызметі үшін Шекара академиясының, Кинологиялық орталықтың және орталық аппараттың офицерлеріне ризашылығын білдірді. Кез келген іс-шара кемшіліксіз болмайды. Жиын қорытындысы бойынша нашар баға алған бірқатар офицерлер сын тезіне ұшырады. Бұл мәселе арнайы жиналыс барысында қаралатындығы айтылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.