Павлодарда трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасап.
Оқиғаға қоғамдық көлік кінәлі болған.
- Трамвай жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай жолдарындағы қиылыста тұрған Тойота Камри маркалы автокөлікпен соқтығысқан, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Полицияның мәлімдеуінше зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады.