• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды - ІІМ

46 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері үш күнде 4 есірткі зертханасын анықтап, олардың жұмысын тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Осы қылмыс аясында алты адам ұсталған, олардың екеуі шетел азаматы екені анықталды.Сондай-ақ, кейінгі үш күнде 66 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелген. Оның 13-і сату фактісі болса, тоғызы сақтау фактісі.

«Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг «синтетика» және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл  бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.