Қазақстан офтальмологтарының мәліметінше, мектеп оқушыларының 70-80 пайызының көзі дұрыс көрмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар арасында миопия яғни, алыстан көрмеушілік жылдан-жылға артып отыр. Статистикаға қарағанда елімізде әрбір 5-ші бала алыстан көрмейді. Офтальмологтар мұның себебін көзге шектен тыс салмақ түсірумен байланыстырып отыр, олар: «балалардың көз жанарын сақтау үшін гаджеттерді қолдануды шектеу керек», дейді.
Аlmaty.tv.kz-тің жазуынша, кез келген адам гаджет, телефон, компьютерді пайдаланған соң, міндетті түрде көзге 20 минуттай демалыс беруі керек. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, 20 минуттай тыныққан дұрыс. Бұл – көз тамырларының босаңсуына мүмкіндік береді.
Дәрігерлер көз ауруын асқындырудың салдары – су қараңғылыққа әкелетінін, оған әлемдік озық медицина қауқарсыз екенін ескертеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде әр минут сайын 1 бала, 5 секунд сайын 1 ересек адам жанарын жоғалтады.