• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2024

Телеарна мен радиостанциялар жұмысын уақытша тоқтатады

101 рет
көрсетілді

30 қазанда еліміздегі телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтата тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазтелерадио» АҚ мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«2024 жылдың 30 қазанында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.