• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қазан, 2024

Президент бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі

168 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.

Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.