АСТАНА. 29 қаңтар. Оңтүстік Қазақстан өңірінің әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен Орашов Күмісбек Әшірбайұлы облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
К.Орашов 1964 жылы туған. Білімі жоғары. Мамандығы – инженер-механик. Еңбек жолын В.И.Ленин атындағы Ульяновск (Ресей) көлік зауытының ІІІ разрядты слесарі болып бастаған. 1985-1995 жылдары аралығында №3 Шымкент көлік комбинатының ІІ разрядты слесарі, Ленгір қаласы жүргізушілер дайындайтын мекемесінің мұғалімі, Сайрам ауданы «Коммунизм» колхозы автопаркінің механигі, Шымкент мұнай қоймасының ІІ разрядты операторы болған. Сондай-ақ, ол әр жылдарда «Көктем» ЖШС жанар-жағармай бекетінің ІІ разрядты операторы, «Идеал» ЖШС ауысым бастығы, коммерциялық директоры, «Строй-Сервис-7» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Ал 2015 жылғы қаңтардан бастап облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келген.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.