Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова финалда белдеседі, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиадалық емес салмақ санаты бойынша өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалында отандасымыз моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен кездесті.
Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан ақпаратқа сай, Жәмилә жартылай сындағы қарсыласын 8: 6 есебімен тізе бүктірген.
Енді ол финалда бірнеше күн бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жапониялық балуан Ами Исиге қарсы бозкілемге шығады.
Бұл бәсеке бүгін өтеді деп жоспарланған.