• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Маңғыстауда бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге үкім шықты

335 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 29 қаңтар. Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4- бөлігі, «г» тармағымен (бірнеше рет пара алу) Е.Оспановқа, Қылмыстық кодекстің 313-бабының 1-бөлігімен (парақорлыққа делдал болу) Н.Ихсанова мен Ж.Куразоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Аталмыш департаменттің басшысы болған Е.Оспанов мемлекеттік қызметке үміткерлерден тестілеуден жағымды нәтижеге жету үшін бірнеше рет ақшалай сыйлықтар алғаны үшін, ал департамент басшысының орынбасары Н.Ихсанова мен персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Куразова пара алуға және беруге делдал болғаны үшін айыпталған еді. Ақтау қалалық сотының үкімімен Е.Оспанов Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлімінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режімінде өтеу белгіленді. Сондай-ақ, оның жеке мүлкі тәркіленіп, Қылмыстық кодекстің 41-бабының 2-бөліміне сай мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 7 жылға айырылды. Бір эпизод бойынша Е.Оспанов кінәсіз деп танылған. Ал Н.Ихсанова және Ж.Куразова Қылмыстық кодекстің 313-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына жаза ретінде 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 387 400 теңгеден айыппұл салынып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан 1 жылға айырылды. Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім заңды күшіне енген жоқ. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz.