• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Маңғыстауда әскери қызметкер жауапқа тартылды

366 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 29 қаңтар. Ақтау гарнизоны әскери соты қызмет бабын асыра пайдаланған әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің материалды-техникалық қамтамасыз ету ротасы күзет және қорғау атқыш-зениттік взводының (атқыш-зенитші) сарбазы, кіші сержант Ж.қатардағы жауынгер А.-ға өзіне қарай келуін бұйырған. Алайда, бұйрығын естімей, киім кептіру бөлмесіне кіріп кеткен қатардағы жауынгерді бұйрығымды орындамады деп түсінген кіші сержант киім кептіретін бөлмеге кіріп, жас сарбазды сабауға кіріседі. Нәтижесінде қатардағы жауынгердің ерні жыртылып, беті көгереді. Осы әрекеті үшін жауапқа тартылып, Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігімен айыпталған кіші сержант Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны Ақтау гарнизоны әскери соты өндіріске қабылдады. Аталған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2015 жылдың 4 ақпанға тағайындалды. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: bnews.kz.