• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қазан, 2024

Алматы облысында қараусыз ғимараттан нәрестенің денесі табылды

78 рет
көрсетілді

Алматы облыстық Полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы қараусыз қалған ғимараттан баланың денесі табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Полиция осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.