• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Петропавл базарында әйелдің мүрдесі табылды

214 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 қаңтар. Петропавл қаласындағы базарлардың бірінен 44 жастағы әйелдің өлі денесі табылып, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Марқұмның өліміне күйеуі күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Қазір адам өлтіру дерегіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті саудамен айналысатын әйелімен ұрсысып, пышақ жұмсағанын мойындады. Ол уақытша ұстау оқшаулағышқа қамалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша айып тағылды. «Нақты сараптамалар жүргізіліп, істің ақ-қарасы анықталады», дейді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Азат Құсайынов. Адам өлтіру фактісі дәлелденсе, күдікті 15 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Өмір Есқали. Дерек: ОІІД-нің баспасөз қызметі. Сурет: gazeta.kz.