Қазақстан азаматтары қараша айында бірқатар кәсіби мерекені атап өтеді. Оның ішінде статистика күні, цифрландыру қызметкерлері күні және сыртқы барлау күні де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл күндері арнаулы демалыс берілмесе де, мерекелік көңіл-күйді сезініп, әріптестерді құттықтауға болады.
Сыртқы барлау күні - 5 қараша; Статистика күні - 8 қараша; Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні - 10 қараша; Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні - 15 қараша; Буровик күні - қарашаның үшінші сенбісі (2024 жылғы 16 қараша); Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі (2024 жылғы 17 қараша); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні - 18 қараша.