АСТАНА. 29 қаңтар. Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын 24 сәуірде Индонезияда өтетін Азия және Африка елдерінің конференциясына қатысады. Бұл туралы «The Chosun Ilbo» басылымына сілтеме жасаған nur.kz хабарлады.
«Ким Чен Ынге Бандунг конференциясының 60 жылдығына орай өткізілетін жиынға қатысу маңызды», – деп санайды сарапшылар. Себебі, 1965 жылы дәл осы конференцияның 10 жылдығына орай өткізілген жиынға Солтүстік Корея мемлекетінің негізін қалаушы Ким Ир Сен қатысқан болатын. Бандунг конференциясы алғаш рет 1955 жылы өтті. Ол кезде Корей Халықтық Демократиялық Республикасы халықаралық жиынға жіберілмеген-ді.
Сонымен қатар, Солтүстік Корея лидері Ресейге баратынын да растады. Ол Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін салтанатты шараға қатыспақшы.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: nur.kz.
Сурет: dni.ru.