• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2024

Кентауда экстремистік топ мүшелері ұсталды (видео)

111 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы, Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни радикалды ұйымының ұстанымдарын насихаттаған топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл ұйымның идеологиясы елдегі зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуге бағытталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 10 адам ұсталған. Олардың «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу, тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланғаны анықталды. 

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленген.