ӨСКЕМЕН. 29 сәуір. Облыс орталығындағы Комсомол аралында шығысқазақстандық жастар Мемлекет басшысының ұлықтау рәсіміне қолдау білдіріп, флэшмоб өткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Аталған шараға белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен студенттерден құралған 500-ден астам адам қатысты. Азаматтық ұстанымдарын білдірген жастар: «Біздің күшіміз – бірлікте!»,–деп ұран тастады.
Шарада Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіның әлеуметтік даму және тәрбие жұмыстары департаменті директоры Бақыт Злобин: «Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Мәңгілік Ел болуымыз үшін адамды, жас буынды тәрбиелеу керек. Сонда біз, жастар, Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз», – деді.
Айта кету керек, бүгін шығыс өңірінің еңбек ұжымдары мен ұйымдары, оқу орындары және әскери бөлімдер аталған тарихи оқиғаны ұйымдасқан түрде тікелей эфирден бірге тамашалады. Сондай-ақ, барлық ауданда түрлі іс-шаралар өтуде. Ал облыс орталығындағы «Аралдар» резиденциясында мыңдаған жастардың қатысуымен «Студент көктемі» іс-шарасы ұйымдастырылады.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: еgemen.kz.