Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7-қарашада 7 сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылған болатын.