• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Таным 17 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Алып асқабақтар

392 рет
көрсетілді

Калифорнияда дәстүрлі түрде өте­тін бұл бәсекенің жыл сайын кө­рермені де, қатысушысы да артып келеді. Жарыс шарты біреу-ақ. Кімнің асқабағы үлкен, сол – жеңімпаз.

Алғашында жергілікті жұрттың күзгі мерекесі ретінде басталған фестиваль қазір халықаралық деңгейге ұласты. Бір қызығы, асқабақтың салмағы қаншалықты ауыр болса, жеңімпаздың жүлдесі де соншалықты қомақты болмақ. Биылғы бас бәйгенің иегері – Миннесота штатынан келген Трэвис Гингер. Оның көкөнісі 1 121 кг болған.

 

Дрондар шеруі

Қытайда «Аспан қаласы» атты дрондар шоуы Гиннесс рекордтар кі­табына енді. Себебі бұл кезде 7 600 ұшу аппараты бір уақытта көкке көтерілген.

Бұл – расында бас шайқап, таңдай қағарлық ғаламат өнер. Құрылғылар түнгі аспанда Ұлы Қытай қорғаны, айдаһар, жолбарыс секілді түрлі пішіндерді бейнелеген. Рекорд орнату үшін дрондар оларды кемі 20 секунд ұстап тұру керек болған. Бірақ жолбарыстың аспандағы бейнесі 37 секундқа дейін мызғымай тұрды. Ең қызығы, шоу кезінде мыңдаған аппараттың барлығы бір ғана ноутбуктен басқарылған.

 

Ең кәрі лауреат

Джон Гуденаф 2019 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығын алған кезде 97 жаста болған.

Ғалымға бұл марапат литий-ионды батареяларды ойлап тапқаны үшін бе­рілді. Оның еңбегі қазіргі заманауи технологиялардың негізін қалады. Өйткені смартфондардан бастап электромобильдерге дейін көптеген құрылғы осы батареяларға тәуелді. Осылайша, Джон Гуденаф жүз жасқа таяған шағында дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашып, ғылым жолында табанды жанның ғана жеңіске жететінін дәлелдеді.