• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2024

Еліміздің екі өңірінде «жайлы мектеп» ашылды

163 рет
көрсетілді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық, Жамбыл облысының Тараз қаласында жайлы мектеп ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Арқалықтағы мектеп 300 орынға лайықталған. Бұл мектепте балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жабдықталған  26 оқу кабинеті бар. Мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да жасақталған.Тараз қаласындағы жайлы мектепте 1200 оқушы білім алады. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушыға арналған 32 жайлы мектеп ашылды.