Полицейлерге Honda Accord көлігінің иесінен арыз түскен. Тұрғынның айтуынша, ол бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына жарамсыз көлігін тастап кеткен. Осы уақыт ішінде көлікті белгісіз біреу ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік иесі көлікті бір ай бұрын тастап кеткенін, кейін оның жоғалғанын анықтап, шығынды 500 мың теңгеге бағалағанын мәлімдеген.
Анықталғандай, ұры 38 жастағы азамат болып шыққан. Ол көлікті иесіз деп ойлап, жағдайды пайдаланып, эвакуатор шақырған. Эвакуатор жүргізушісін көліктің өзіне тиесілі екеніне сендіріп, көлікті үйіне дейін жеткізіп алған.
Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындап, полицейлерге көлікті біраз уақыт аңдығанын түсіндірген.
Көлік заңды иесіне қайтарылып, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.