АТЫРАУ. 30 қаңтар. Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық саласында 17 мың заң бұзушылық анықталып, прокурорлар пәрменімен оларды жою шаралары алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ел заңдарының сақталуын қадағалаушы прокурорлардың ықпал етуімен 2500-ге жуық тұлға әр түрлі жауапкершілікке тартылыпты. «Заң бұзушылықтарға байланысты 41 қылмыстық іс қозғалып, 901 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды», деп мәлім етті облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев.
Сонымен бірге, прокуроратура қызметкерлері 62 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 8 мыңға жуық жасы кәмелетке толмағандардың конституциялық құқығының қорғалып, қалпына келтірілуіне ықпал етті.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуроратурасы.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.