• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2015

Солтүстік Қазақстанда ұрланған малдар иелеріне қайтарылды

564 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 30 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысында «Барымташы» жедел алдын алу профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында қолды болған 20 бас мал иелеріне қайтарылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері үш күннің ішінде 178 сауда орындарын тексеріп, малды құжатсыз тасымалдаудың 6, сондай-ақ, ет өнімдерінің заңсыз әкелінген 40-тан астам фактілерін анықтады. Облыс аумағы бойынша 7 мал ұрлығы әшкереленді. Аталмыш қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 күдікті қамауға алынды. «Ет саудасымен айналысатын Ресей Федерациясының азаматы күдік тудырып, Петропавл қаласына кіре беріс жол бекетінде тоқтатылды. Құжаттарды тексеру барысында оның көлігінен 169 кило ет табылып, ветеринарлық сертификат жоқ болып шықты. Кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ұрлық-қарлықтың алдын алу және жұртшылыққа түсіндіру шаралары бірнеше бағытта жүргізіліп, 46 жедел топты қамтып отыр», дейді криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Шалқар Рахматуллин. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: gazetа.kz.