АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. Ақтөбе облыстық соты «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысына түсінік беруге арналған көшпелі жиналыс өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жиналысқа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Ақтөбе қалалық филиалының орынбасарлары Е.Карастеков, С.Нугманова, Ақтөбе облыстық соты кеңсе басшысының орынбасары А.Мусина, барлық қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері, тәлімгерлер мен инспекторлар қатысты. Сонымен қатар, Хромтау аудандық ХҚКО мамандарымен және Мәртөк аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетовамен, Мәртөк аудандық ХҚКО мамандарымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу жөнінде көшпелі түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Электрондық ақпараттық жүйе «Сот кабинетінің» тиімділігі бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу Мұғалжар, Қарғалы және Ырғыз ауаднадарында да жалғасын тапты.
Бүгінгі күнге дейін аталмыш сервистің қолдану аясын кеңейту мақсатында екіжақты қол қойылған өзара ықпалдастық жөніндегі хаттаманың негізінде Ақтөбе облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалдары арқылы 146 талап арыз жолданған.
«Сот кабинеті» сервисі өтініш беруге, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындауға арналған. Сондай-ақ ол мемлекеттік бажды онлайн-төлем арқылы шығаруға мүмкіндік жасайды. Қолданушы өзіне кез келген ыңғайлы уақытта сот құжаттарын қарауға, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуына болады. Жаңа электрондық қызмет көрсетулер тараптардың, сондай-ақ мемлекеттің қаржысын және уақытын үнемдеуге бағытталған.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: akt.sud.kz.