• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2015

Лукашенко жалақысын қайда және қалай жұмсайтынын айтты

226 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 қаңтар. Кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тікелей эфирде кездескен Беларусь президенті Александр Лукашенко өз жалақысын қалай және қайда жаратынын да айтып берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. «Жалақымның жартысын бухгалтерия бірден жинақ банкісіндегі кенже ұлым Николайдың атындағы есеп-шотқа аударады, оның өмір жолы кейін қалай қалыптасатыны белгісіз ғой. Менің ол кәмелетке толған кезде ақшасын алуға болатын есеп-шот ашып қойғаным есімде», - деді Лукашенко. Белорус лидеріне қалған ақшаларын конвертке салып әкеліп береді екен. Бұл ақшаны президент әлгінде айтылған адамдарға таратып береді. Егер одан да артылып жатса, «қала сыртындағы резиденциясындағы кабинетінде тұрған үстелдің жоғарғы тартпасына» салып қояды. Өзінің айтуынша, айлық жалақысы 50 млн. белорус рублін (шамамен 3,2 мың доллар) құрайды. Александр Лукашенко осы қаржының есебінен резиденция персоналына сыйлық беретінін де айтты. Ол сонымен қатар ақшаның бір бөлігі кенже ұлының қолдауға өтініш білдірген «жобаларын» жүзеге асыруға жаратылатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Николай балалар хосписі құрылысына ақша жинаған көрінеді. Бірақ «жоба оншалықты ұнамды» болмай шыққан. Қазір жиналған ақшалар ұлының сейфінде жатыр. Оны тағы қандай жобаға жұмсайтынын ол әлі шешкен жоқ. Сондықтан бұл қаржының бір бөлігі жетім балалар мен жалғызілікті қарт кісілерге әлеуметтік көмек көрсетуге берілген. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: РИА «Новости».