• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2015

Ақ тілектер ағыны

384 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының  Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевты лауазымға ресми кірісуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚҰТТЫҚТАУЫ  Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізді Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің лауазымына ресми кірі­суі­ңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз Сіз жүргізген реформалардың жалпыхалықтық қолдау тапқанын білдіреді! Сіздің Мемлекет басшысы лауазымына кірісуіңіз  –  ақиқат сәті және Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы. Осы тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күні – біздің халқымыздың ын­тымағы, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мейрамы қарсаңында өткізілуінің мағынасы зор. Қазақстан халқы Ассамблеясы, барлық  Қазақстан азаматтары үшін заманауи мемлекет құруға бағытталған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының іске асырылуының, бес институттық реформаның табысты жүзеге асырылуының сенімді кепілі –  Сіздің саяси ерік-жігеріңіз екенін  жоғары жауапкершілікпен мәлімдейді. Бұл міндеттер барша халықтың түпкілікті мүдделері мен қалауына сай, оның қолдауына ие. Барша халықтың жоғары сенім мандатымен бекітілген Сіздің саяси көшбас­шылығыңыз, ел дамуының ауқымды мақсаттарына жетудің – «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың берік іргетасы болып табылады. Сіз, Президент және Елбасы ретінде, баянды болашаққа ұмтылған ел бірлігінің негізі –  жалпыұлттық Мәңгілік Ел болу идеясын алға тартып, іргелі дүниетанымдық көзқарас қалыптастырдыңыз. Сіздің саясатыңыздың ажырамас бөлігі мен негізгі қағидаттары–  экономикалық жетістіктер, халықтың әл-ауқатының артуы, тұрақтылықты  біздің миллиондаған отандастарымыз қолдайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздің дана да көреген мемлекеттік қайраткер ретіндегі жоғары халықаралық беделіңіз жаңа кезеңде және одан кейін де табыс­ты сыртқы саясатты қамтамасыз ететініне, біздің еліміздің және  халқымыздың қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатынына толық сенеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА жылының, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «20 ізгі іс» республикалық акцияларының жалғасуы, миллиондаған азаматтың азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға қатысуы –  халқымыздың Елбасын қолдау, бірігу мен шоғырлануын  жаңа деңгейге  көтеретіні сөзсіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының экономикалық және әлеуметтік дамуда жаңа белестерге жетуге әзірлігінің айқын дәлелі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы болашақ алдындағы зор жауапкершілікті сезіне отырып, халық пен елдің биік мүдделерін ескере отырып, өзінің азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында, Қазақстанның барша халқын көркейген және өсіп-өркендеген Қазақстан құру жолындағы барлық алға қойған мақсаттарға жету жолында өздерінің жеке үлесін қосуға шақырады! Ассамблея Қазақстанның барлық халқын Ұлт Жоспарын – «Мемлекет құру ісіндегі ендігі 100 нақты қадамды» іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға үндейді, себебі, бұл – біздің халқымызды біріктіретін ортақ іс. Елбасымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге – Қазақстан, тек алға!   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, Қазақстан ардагерлері Сізді салтанатты ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзіңізде Сіз бізге Сізбен бірге жүзеге асыруға тура келетін 5 институттық реформаның маңыздылығын атап өттіңіз. 5 институттық реформа – баршамыз үшін қазіргі заманғы мемлекет құруға бағытталған халықтық реформалар. Бүгінгі күні мемлекеттік аппаратқа реформа жүргізу айрықша көкейкесті. Біздің қоғамымызда өзінің бүкіл күш-жігері мен білімін Отан игілігі үшін жүзеге асыруға дайын сауатты басқарушылар, шынайы патриоттар көп. Әділеттілік қағидаты мен кәсібилік негізіндегі лауазымдық өсу, сондай-ақ, ұсынылып отырған мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесі тәлімгерлік пен ұрпақтар сабақтастығына арқа сүйеп, кәсіпқойлық дәстүрлерге қолдау көрсетеді. Біздер, соғыс және еңбек ардагерлері ретінде заңнама саласында, сот және құқық қорғау жүйесінде реформалар жүргізуді уақтылы шара деп санаймыз. Бүгінде заңның үстемдігі, сот төрелігінің әділдігі мен сапасы қай кездегіден де ерекше маңызды. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің қауіпсіздігі мен қорғалғандығының кепілі болып табылады. Әртараптандыру негізіндегі индустриялық даму, ауыл шаруашылығының өңдеу өнеркәсібін дамыту болашаққа деген сенімді нығайтып, қазақстандықтардың, әсіресе, біздердің – аға буынның бойына әлеуметтік оптимизм сіңіреді. Біздер институттық реформалардың «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын, одан арғы жерде «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге асыруға жағдай жасайтынына сенімдіміз. Қазақстанның ардагерлер ұйымы.   Жоғары мәртебелі Елбасы! Сізді салтанатты ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан халқы талай белестерге қол жеткізді: еліміз дамудың жаңа сатысына көтеріліп, экономикалық және әлеуметтік өсімді қамтамасыз еткен берік мемлекеттік жүйе қалыптасты. Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірнеше есеге артты. Осының бәрі – Сіздің сарабдал саясатыңыздың жемісі. Ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына тұспа-тұс келуі де кездейсоқ емес. Себебі, Сіздің көреген басшылығыңыз бейбітшілік пен келісімнің айнымас кепіліне айналып, көпұлтты елімізді ұлы жетістіктерге жеткізді. Осы тұста ұлтаралық татулық тақырыбының Сіз ұсынған бес институттық реформада қамтылуы аса қуантады. Себебі, бүгінгі жетістіктерімізге біз мызғымас бірліктің арқасында қол жеткіздік және сол толайым табыстарымызды еселей түспекпіз. Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру идеясы барша қазақстандық берік ұстанатын азаматтық қағидатқа, Мәңгілік Елдің басты құндылықтарының біріне айналады деп сенеміз. Тағдыры бір елдің – болашағы бір. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымыздың болашағы баянды болсын! Қазақстан Жазушылар одағы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «KAZENERGY» ассоциациясы мұнай-газ және энергетика саласының барлық қызметкерлері атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтайды! Біз салтанатты ұлықтау рәсімінде айтқан Сіздің бастамаларыңызды толық қолдаймыз. Біз Сіз бастамашы болған 5 институттық реформаны жүзеге асыру – елдің қазіргі тарихи дамуы кезеңінде мейлінше маңызды және уақтылы үдеріс деп есептейміз. Соңғы жылдары басталған әлемдік саяси және экономикалық жүйені түбегейлі қайта пішіндеу үдерісі айтарлықтай жеделдей түсуде. Энергия ресурстары мен металдардың әлемдік рыногындағы бағалар теңсіздігі жаһандық және өңірлік тәуекелдерді күрт ұлғайтып, көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасына теріс ықпал етуде. Елдер мен мемлекетаралық корпорациялар мүд­делерінің соқтығысы тек саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге, қарулы қарсы тұрулар арқылы да тосыннан көрініс беруде. Мұндай жағдайда тек қуатты мемлекеттің ғана өз егемендігін сақтап, өзінің мүд­делерін қорғауға және табысқа жетуге мүмкіндігі бар. Сіз ұсынған 5 институттық реформа мемлекеттік пен Қазақстан экономикасын нығайтудың дәл сондай ықпалды құралы болып табылады. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік аппарат ұлттық бағдарламаларды бірізділікпен жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Тек күшті мемлекеттік аппарат қана жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі жұмысты жолға қоюға және меритократия қағидаттарын нығайтуға, яғни мемлекеттік қызметшілерді мансаптық саты арқылы олардың жұмыстарының нәтижелері және ел мен халық алдындағы еңбегі бойынша жоғарылатуға қабілетті. Мұндай «Әлеуметтік лифтілердің» болуы мыңдаған дарынды және талантты қазақстандықтардың қуаты мен шығармашылығын оятуға жағдай жасайды. Заң үстемдігін қамтамасыз ететін реформа ашықтық, әділдік пен салқынқандылық қағидаттарының әрбір сот үдерісінде шешуші факторға айналуына жағдай туғызады. Отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар қазақстандық сот үкімінің әділдігіне сенімді болмақ. Біздің полицияға, құқық қорғау органдарына деген қоғамның сенімі артады. Қазақстан жағдайындағы тұрақты экономика – ең алдымен елді индустрияландыру, өңдеу саласын дамыту жөніндегі одан арғы шаралар. Тек әртараптандырылған экономика ғана жаһандық экономикалық тәуекелдер үшін сенімді кедергі бола алады. Таяудағы жылдары өңдеу өнеркәсібінде шамамен 10 ірі жоба жүзеге асырылмақ. 3-4 қағидатты жаңа экспорттық өнімдер шығару экономиканы әртараптандырудың нәтижесі болуы тиіс. Бірлікті және қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, ұлттық емес, азаматтық қағидатында жаңа қазақстандық біртектілікті қалыптастыра отырып қана қазақстандықтар алға қойылған міндеттерді шеше алады. Тек біртұтас болашақтың Ұлты ғана ел бейнесін өзгертетін және оның болашақ әл-ауқаты мен өркендеуін айқындайтын ауқымды даму жобаларын жүзеге асыруға қабілетті. Барлық өткен жылдар бойы қазақстандық қоғам өзгерістерге біртіндеп бейімделіп отырды. Бәрінің сатылап және бірізділікпен жүруі ішкі сілкіністердің, қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдардың алдын алуға жағдай жасады. Жоғарыда аталған төрт басымдық транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру, елді демократияландыру бойынша маңызды шешімдер қабылдау жөнінде Сіз алға қойған бесінші маңызды институттық міндетке көшуге мүмкіндік береді. Біз 5 халықтық реформада кемеңгер стратегиялық есеп пен біздің халқымыз бен мемлекетіміздің күшіне деген сенімділік бар деп есептейміз. Мұндай сараланған бағдарламамен Қазақстан барлық ағымдағы және ықтимал қатерлерді еңсеріп, тұрақты, орнықты даму жолына шыға алады. «KAZENERGY» ассоциациясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, Қазақстан бизнесінің өкілдері, Сізді лауазымға ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Салтанатты ұлықтау кезіндегі өз сөзіңізде Сіз мемлекеттік саясаттың бірінші кезекті міндеті ретінде бес институттық реформаны айрықша атап өттіңіз. Біз Сіз ұсынған бес институттық реформаның өз уақытында ұсынылғанын атап көрсетеміз. Оның бәрі біздің еліміздің одан әрі ырғақты дамуы­на, алға қойылған міндеттерді орындауға қоғамды жұмылдыруға бағытталған. Мемлекеттік аппаратты одан әрі жетілдіру шаралары оның тиімділігін арттыруға және жемқорлықпен күресті күшейтуге жағдай жасайды. Оның бәрі бизнестің одан арғы дамуына, инвестициялар тартуға және Қазақстанның халықаралық бизнес-қауымдастық пен экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға оң әсер етеді. Мемлекет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілетін нығайтып, біздің тауарларымыздың сыртқы рыноктарға сенімді түрде шығуына жол ашылуда. Ұсынылған институттық реформалар ауыл шаруашылығының дамуына да оң ықпалын тигізбек. Қарамағында кең ауқымды ауылшаруашылық егістіктері мен құнарлы жерлері бар қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері біздің азаматтарымызды отандық ұн, сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сөз жоқ, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, әлеуметтік саланы жетілдіру, құқық тәртібін нығайту және экономикалық сала мен бизнестің дамуы үшін жағдайлар жасау – Қазақстанның экономикалық өсуінің, экономикалық әлеуетті арттырудың, бәсекеге қабілеттілікті жетілдірудің және еліміздің экспорттық әлеуетін дамытудың басты факторлары. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру біздің еліміздің дамуына қуатты серпін беріп, оны барлық бағыттар бойынша алдыңғы қатарлы позицияларға алып шығады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы Сізді Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіздің инаугурациялық сөзіңіздегі негізгі қағидалар – біздің одан әрі дамуымыздың бағдарлары. Бүгінде Қазақстанда Сіздің арқаңызда болашақ дамудың берік негізі қаланды. Сіз бастамашы болған халықтық реформалар маңызды бағдарламалар мен жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды туғызуға арналған. Қазірде, біздер Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей бастаған кезде біздің экономикалық саясатты жаңғырту айрықша маңызға ие. Қазақстан экономикасының және қазақстандық өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру оған тікелей байланысты. Шағын және орта бизнесті мақсатты түрде қолдау, тариф саясатын жаңғырту, елдің экспорттық әлеуетін дамыту жөнінде Сіз алға қойған міндеттер әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының өсуіне де оң әсерін тигізеді. Қазақстан кәсіпкерлері қызмет көрсету саласын, әсіресе, қызмет көрсету секторының шағын және орта кәсіпорындарын дамыту сияқты шешуші бағыттардың маңыздылығын атап көрсетеді. Олар, әсіресе, ауылдық аумақтар тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары, жаңа мүмкіндіктер. Біздер Сіз, Елбасы ұсынған Қазақстан қоғамын жаңғырту жөніндегі рефор­малардың еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясын табысты орындауға және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге жағдай жасайтынына сенімдіміз. Қазақстан Кәсіпкерлерінің форумы.   Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге осынау даңқты оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізге байланысты ең бір шын жүректі және қуанышты құттықтауымызды жолдауға рұқсат етіңіз. Салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзіңізде Сіз бес инс­титуттық реформаның маңыздылығы мен оны жүзеге асыру қажеттігіне айрықша назар аудардыңыз. Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы Сіз айтқан бес халықтық реформа негізінде елдің одан әрі дамуын толық қолдайды. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде атап өткендей, 5 бастаманы жүзеге асыру экономиканың одан әрі дамуына және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қуатты серпін береді. Индустрияландыру – тек экономиканың құралы ғана емес, сонымен бірге орта тап пен өңдеу секторы үлесі дамуының маңызды факторы. Индустриялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында шағын және орта кәсіпорындар саны артады, қосымша жұмыс орындары құрылады. Шикізатты тереңдетіп өңдеу үдерісі, жаңа технологияларды енгізу есебінен қазақстандық экспорттық өнімдер қатарын кеңейту міндеті қойылып отыр. Елдің аграрлық секторының буырқана дамуын қарастыратын үшінші институттық реформа да Сіздің салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзіңізде атап өтілді. Жаңа кешенді бағдарлама негізінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 ірі өңдеу жобалары жүзеге асырылатын болады. Бүгінде бүкіл мемлекеттік органдар, еңбек ұжымдары белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға шоғырланды. Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы әркезде де Сіздің елді тұрақтандыруға бағытталған бастамаларыңызды қолдай беретін болады.  Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді салтанатты ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтаймыз. Өткен сайлауда біздер көптеген қазақстандықтармен бірге Сіз үшін өз дауысымызды бердік. Салтанатты ұлықтау рәсімінде Сіз әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қоғамдағы татулық пен келісімді, бірегей мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған 5 институттық реформаны жүзеге асыру маңыздылығын айттыңыз. Реформалаудың бірінші бағыты ретінде Сіз мемлекеттік басқаруға көзқарастарды жаңартуды атап көрсеттіңіз. Мемлекеттік аппарат стратегиялық жоспарларды әзірлеуден бастап, оларды толық жүзеге асыруға дейін қазіргі заманғы менеджменттің ең бір жоғары талаптарына жауап беруі тиіс. Соған байланысты бүгінде Сіздің олардың қызметін экономикада қол жеткен табыстарға ықпал етуі бойынша бағалау туралы ұсынысыңыз өте маңызды. Бүгінде біздерге, іскер топтар өкілдеріне реформалаудың негізгі бағыты болып табылатын бизнесті дамыту саласын мемлекеттік қолдау да өте маңызды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, кедендік процедураларды жеңілдету, қызмет көрсету саласын дамыту – бұлардың шешім табуы бизнестің және бүтіндей алғанда Қазақстан экономикасының дамуына қуатты серпін бермек. Осының бәрі отандық тауарлар мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігіне жағдай жасап, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтады. Бизнесмендер үшін сот төрелігін реформалау айрықша көкейкесті. Еркін бәсекелестік пен тұрақты экономикалық даму тек әділ қоғамда ғана мүмкін болмақ. Транспарентті мемлекеттің қолдауымен ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу – Сіздің көреген және кемеңгер пайымыңыз. Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысын қайта пішіндеу толық өзара сенім мен тең әріптестікке арқа сүйеуі тиіс. Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы.   Суретшілер одағының атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтай отыра, ең ізгі тілектерімізді жолдауға рұқсат етіңіз! Бұл салтанатты күн тағдырдың оң жағынан орайластыруымен Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекеленіп отыр. Біз әркез мақтан тұтатын қоғамымыздағы достық пен келісімнің таңғаларлық феномені, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Біз Сіздің тарапыңыздан бастамашылық  танытылған 5 халықтық реформаны толығымен қолдаймыз. Өйткені, оның ерекше маңызын Сіз өзіңіздің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде жан-жақты айтып өттіңіз. Бес халықтық реформаны заманауи дамыған мемлекет құру ісіндегі нақты қадам, тең құқықтар мен мүмкіндіктер қоғамы деп санаймыз. Ілгерілетілген бес институттық реформаны қазіргі заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап, еліміздің қол жеткізген табыстарын нығайтуға бағытталған нақты қадам ретінде бағалаймыз. Бес реформаны дәйектілікпен нақты жүзеге асыру әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі болмақ. Реформаның шешуші бағыттары мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру болып табылатыны Сіздің тарапыңыздан инаугурация салтанаты барысында атап өтілді. Сондай-ақ, Сіз өзіңіздің сөзіңізде экономиканы әртараптандыру жөніндегі стратегиялық жоспарлар мен әлеуметтік әл-ауқатты арттыру бойынша міндеттерді шешу және осы бағыттарда мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғарылату бойынша сапалы жұмыстар көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер корпусының кәсібилігіне, басқару қабілетіне байланысты екенін әділетті түрде атап көрсеттіңіз. Біз қазақстандық мемлекеттік қызметтің мансаптық модельге көшуі, еңбекақы төлеудің нәтижеге бағдарланған жаңа жүйесі, мемлекеттік аппаратқа талантты кадр­ларды тарту елімізде мемлекеттік басқарудың заманауи тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Алғашқы институттық реформалар шеңберіндегі меритократия қағидаттарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмыстар мен коррупцияға қарсы шаралар мемлекеттік қызметті әділетті Қазақстан қоғамының прототипі етуге мүмкіндік береді. Біз біртұтас қазақстандық болашақ игілігіне бар күш-жігеріміз бен білімімізді беруге дайынбыз! Қазақстан Суретшілер одағы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! G-GLOBAL бастамасын дамыту және жасыл экономика үшін коалициясының барлық қатысушылары атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми түрде кірісуіңізбен құттықтаймыз! Сіздің салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңіз орасан зор жігерлендіру күшіне ие. Біз оның бүкіл негізгі тұжырымдарын толық қолдаймыз және оны іс жүзіне асыруға өзіміздің үлесімізді қосуға дайынбыз. Сіздің бастамаңызбен өмірге келген реформалар шын мәнінде халықтық сипатта, өйткені бұл қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту жолындағы нақты қадамдар. Қазіргі таңда, бүгінгі заманның көпқырлы бейбітшілік моделін қалыптастыру жағдайында, Сіз қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларындағы өмірді жүйелі түрде жаңғыртуды ұсынып отырсыз. Бұл біздің мемлекетімізге ең алдымен әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі бойынша өңірдегі көшбасшы ретінде қалуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге, жалпы алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сіздің азаматтық қоғамның рөлін, шешім қабылдаудағы ашықтық  үрдісін, қоғамдағы өзін өзі реттеуді дамыту жөніндегі бастамаларыңыз ерекше жоғары маңызға ие деп есептейміз. Қазақстандық ұлттың негізі орта тап болып отырғандығы үлгі тұтарлық. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру үдерісіндегі басты рөл нақ осы тұжырымға беріліп отыр. Қазақстанның кадрлық әлеуетін арттыру – «Қазақстан-2050» және «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзіне асыру мақсатында зор тиімділік бермек. G-GLOBAL бастамасын дамыту және жасыл экономика үшін коалициясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Бұл ерекше оқиғаның Қазақстан халқы бірлігі күнімен тұспа-тұс келуінің де символдық маңызы бар. Бұл қазақ­стандықтардың өздерінің Көшбасшысы маңында бірігуінің және топтасуының жоғары деңгейін көрсетеді. Біз Сіздің салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңіздің барлық тұжырымдарын толық қолдаймыз. Бүгінде, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта оның маңыздылығы одан әрі арта түспек. Сіздің 5 жаңа институттық реформаңыз – бұл Қазақстанның болашақта бірыңғай мақсатқа жету жолындағы нақты қадамдары. Бұл халықтық реформаларды ең алдымен біздің еліміздің өскелең ұрпағы ерекше жоғары құлшыныспен қарсы алатындығына сенімдіміз. Өйткені, қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды көздейтін бұл бағыттар бірінші кезекте жастарға жағдай жасамақ. Бүгінгі заманның кәсіби мемлекеттік аппаратын құру, заңның бәрінен үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық реформалар кешені, бірыңғай болашақтың ұлтын транспарентті және есеп беретін мемлекет құру бізге экономикалық реформаларды сапалы деңгейде іс жүзіне асыруға, біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандықтарды одан әрі берік топтастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде біздің әрқайсымыз барлық әлеуетімізді, барлық білімімізді, өзіміздің ең батыл идеяларымызды туған еліміздің гүлденуі үшін жұмсайтындығына сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының ассоциациясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз миллиондаған азаматтық қоғамның мүддесін білдіретін бірлестік ретінде Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз салтанатты ұлықтау рәсімінде 5 институттық реформаны жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап көрсеттіңіз. Әсіресе, бізге жоспарланған мемлекеттік қызметті «қайта құру» шарасы ұнайды. Қазақстанда экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бүгінгі заманның кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құрылуы керек, деп атап көрсеттіңіз. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде. Сондықтан біз Қазақстанда мемлекеттік қызметті реформалау, жемқорлықты болдырмау және меритократия үдерістерін қорғау жөніндегі жұмыс жүйесін жандандыру туралы шешімді толық қолдаймыз. Бес реформа шеңберінде мыналар ең өскелең бағыт болып саналады: ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде қайта өңдеу секторын дамыту; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тарифтік саясатты оңтайландыру; полицияға  кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу; қоғамда өзін өзі реттеуді кең көлемде қамтамасыз ету; экономикалық және әлеуметтік салаларды дамытуға қосқан үлесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін қалыптастыру; жергілікті атқарушы органдардың жаңа сайланбалы жүйесін құру. Әсіресе, жекеменшік құқығына кепілдік беретін және кәсіпкерлік қызметке жағдай жасайтын заңның үстемдігін қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Біз сот жүйесінің жұмысын жетілдіру, судьялар корпусының ашықтығын қамтамасыз ету қоғамның құқық қорғау органдарына сенімін арттыратындығына сенімдіміз. Сонымен бірге, қазақстандық құқық қорғау жүйесіндегі әділеттілік мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырып, отандық және шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауды жақсартудың негізгі факторларының біріне айналады. Қазақстанның Азаматтық альянсы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, Жастар конгресінің өкілдері Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде еліміздің дамуы үшін 5 институттық реформаның тағдыршешті маңыздылығын атап көрсеттіңіз. Қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту үшін,  біздің жеке толеранттылық және татулық моделімізді сақтауды қамтамасыз ету үшін азаматтық үдерістері көшбасшылық рөл атқаруға тиіс екендігін Сіз әділ атап көрсеттіңіз. Біздің еліміздің барлық азаматтары бір шеңбердегі құқықтарды пайдалануға, бірыңғай жауапкершілік жүгін көтеруге және тең дәрежедегі мүмкіндіктерге ие болуға тиіс. Еңбексүйгіштік және адалдық, ғылым мен білімге табыну, толық толеранттылық біздің Мәңгілік Ел идеямыздың тұғырлы құндылықтары болып жарияланды. Біз қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы болып табылатын қазақ, орыс  және ағылшын – үштұғырлы тілді дамытуды қолдаймыз.Терең білім алуға бет алған қазақстандық жастар қазірдің өзінде өмірдің негізгі басымдықтарының бірі ретінде өздеріне шет тілін білуді таңдап алды деп есептейміз. Сонымен бірге, бізді өскелең ұрпақ өкілдері үшін өмірлік жолды, білімді, кәсіби лауазымды, жеке өсу жолын таңдауда тең мүмкіндіктердің жасалғандығы ерекше қуантады. Реформаның шешуші бағыты экономикалық бағдарламаларды сапалы деңгейде іс жүзіне асыруға қабілетті және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, шешім қабылдауда кәсіби білікті мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Институттық реформалар мемлекеттік қызметте кадрлық саясатты өзгертуге мүмкіндік беріп, жалпы алғанда мемлекеттік басқарудың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін болады. Біз бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі жастардың еңбексүйгіштігімен, талантымен, білімімен айқындалатынына сенімдіміз. Ал жастардың алдында экономиканы жаңғырту үрдісін жүргізу, бес маңызды халықтық реформаны іс жүзіне асыру міндеті тұр. Жастар конгресі.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің ғылыми қауымдастығы Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің сайлаудағы тамаша және сөзсіз жеңісіңізді бөлісеміз! Бұл шын мәніндегі бүкілхалықтық қолдаудың салтанат құруы болды. Сіз салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде 5 институттық реформаны іс жүзіне асыруға басымдық бердіңіз. Осы ретте Сіз қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту азаматтық үдерістер негізінде жүргізілуі қажет екендігін атап көрсеттіңіз. Бұл барлық азаматтар бір деңгейдегі құқық көлемін пайдаланып, бір жауапкершілік жүгін көтеру және тең мүмкіндіктерді бірдей пайдалану деген сөз. Біздің басты мақсатымыз, Сіз атап көрсеткендей, қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтар – құқық үстемдігі, мемлекеттік дәстүрлер, қазақстандық құндылықтарды – өздерінің этникалық мінез-құлқы моделінен жоғары қоюы болып табылады. Бүгінде қазақстандық толеранттылық моделі әлемдік қоғамдастық үшін үздік үлгі ретінде ұсынылуда, бұл құнды тәжірибе БҰҰ-да және басқа да мемлекеттерде зерттелуде. Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңізде Сіз бес халықтық реформаның басты мақсаты кәсіби мемлекеттік аппараты, индустриялық экономикасы, мөлдір сот жүйесі, әлеуетті орта тап өкілдері бар қуатты да дамыған мемлекет құру болып табылатындығына ерекше басымдық бердіңіз. Біз қазақстандық қоғамның стратегиялық жоспарларын, экономиканы әртараптандыру жөніндегі шараларды іс жүзіне асыру және әлеуметтік саланы дамыту жаңа формациядағы менеджерлер, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігіне, талантына және еңбекқорлығына байланысты екендігіне сенімдіміз. Қазақстан Ғылым академиясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстаның Жоғары оқу орындары ассоциация­сы Сізді біздің бүкіл еліміз үшін айрықша оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтайды! Бұл күн жаңа Қазақстанның тарихына кіретін болады. Бүгінде, біздің еліміз өзінің жаңа даму дәуірінің та­бал­дырығында тұрған кезеңде Сіз салтанатты ұлықтау рә­сіміндегі сөзіңізде маңыздылығын ерекше атап көрсеткен 5 институттық реформаны тиімді жүзеге асыру зор маңызға ие. Сіздің сөзіңіздің негізгі тұжырымдары іс жүзінде барлығы үшін өскелең мемлекетті құруға жұмылған халықтық реформаларды жүзеге асырудың ресми бастауы болып табылады. Біртұтас болашақ ұлтын құру жөніндегі мақсатты саясат қазақстандық қоғамды өздерінің Көшбасшыларының маңайына одан әрі топтастырады. Құқық үстемдігі, мемлекеттік дәстүрлер, қазақстандық құндылықтар сияқты жалпыұлттық идеяларды және  Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді дамыту Сіз атап көрсеткендей, мемлекет мүддесі жеке этностық мінез-құлық моделінен басым тұратын қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ешқандай шектеусіз және айырмасыз Қазақстанның барлық азаматтарына тиімді әлеуметтік баспалдақ қалыптастыру ерекше маңызды болып табылады. Бұл біздің жастарымыз үшін қосымша ынталандыру үлгісі болмақшы. Сіздің үштұғырлы тілдерді дамыту туралы тапсырмаңыз қазақстандық жастар арасында толық қолдау табуда. Біздің еліміздің өскелең ұрпағы бұл жаһандану әлеміндегі бәсекеге қабілеттіліктің және жетістіктің кепілі екендігін жете түсінеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз белгілеген реформаларды жүйелі түрде іс жүзіне асыру әрбір жас қазақстандық үшін өзінің әлеуетін, өзінің білімін толық жұмсай отырып, туған елінің өркендеуі жолында тиімді жұмыс істеуге жұмылдырады. Қазақстан Жоғары оқу орындары ассоциациясы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Шығармашылық зиялы қауым өкілдері Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің инаугурация рәсімінде сөйлеген сөзіңіздің тұжырымын қолдаймыз. Сіздің бастамаңызбен өмірге келген 5 институттық реформаны іс жүзіне асыру – елімізді дамытудың қазіргі кезеңіндегі аса маңызды және дер кезінде қолға алынып отырған үдеріс деп санаймыз. Сіздің сара бас­шылы­ғыңыздың арқасында еліміз ойдағыдай дамуда, әрбір азамат мемлекет тарапынан өзіне деген қамқорлықты және қолдауды сезінеді. Халықтық реформаларды іс жүзіне асыру қазақ­стандықтарды мемлекеттік құры­лыс­та жаһандық дағ­да­рыс­тардың келең­сіз ықпа­лынан қорғай­тындығына сенімдіміз. Бұл шаралар Қазақстанға даму қарқынын сақтауға және әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіру жолындағы бастаманы одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа пішімдегі тиімді мемлекеттік аппарат, құқық қорғау және сот жүйесі этностық тегіне қара­мастан, меритократия қағидаты не­гі­зінде әркімнің өз қабі­летін ашуға бірдей мүм­кін­дік жа­салған әділетті қазақ­стан­дық қоғамның баламасы болып табылады. Экономиканың әртараптылығын қамтамасыз ететін Сіздің бастамаңызбен жүргізіліп жатқан индустриялық реформа жаһандық экономикалық тәуекелдерге жауап болып табылады. Аграрлық сала, шағын және орта бизнес еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа серпін беретін болады. Тұрақты экономикалық даму болмайынша халықтың рухани өркендеуі мүмкін емес. Осы ретте рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік реформалардың маңызы одан әрі арта түспек. Жалпыұлттық идея Қазақстан халқын топтастырды және біріктірді, бәріміз бірге біз кез келген қиындықтарды жеңеміз! Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстанның барлық шығармашылық адамдары атынан Сізге қамқорлығыңыз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің Көшбасшылығыңызбен біздің еліміздің өркендей беруіне тілектеспіз. Қазақстан Композиторлар  одағы, Қазақстан Дизайнерлер одағы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді ерекше маңызды оқиға –  Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз салтанатты ұлықтау рәсімінде Өзіңіз жариялаған 5 халықтық реформаның ерекше маңыздылығын және өзектілігін атап көрсеттіңіз. Осы ретте Сіз атап көрсеткендей, 5 институттық рефор­маның шешуші бағыты экономиканың үдемелі дамуына, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне, жекеменшік құқығына кепілдік беретін заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде әділетті түрде атап көрсеткендей, сот жүйе­сіндегі кадр саясаты қайта қарауды қажет етеді. Судьялар арасындағы жемқорлықты жою, Фемида қызметкерлерінің жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Сонымен бірге, барлық дәрежедегі судьялардың біліктілігін, жұмыс өтілін арттыру жалпы алғанда судьялар корпусының кәсіби шеберлігін нығайтатын болады. Сонымен бірге, реформа еліміздің құқық қорғау жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында ішкі істер органдарының қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу шеңберінде полицейлердің дәрежесі артады,  олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігі өседі. Біз, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін  жаңғырту  ісі де маңызды және дер кезіндегі мәселе деп есептейміз. Біздің армиямыз дамыған елдердің қарулы күштерінің дәрежесінде жарақтандырылған, жауынгерлік міндеттерді орындауға әлеуетті, кәсіби  армия болуы керек. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлер ұйымы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді қазақстандық әйелдер атынан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! «Республикалық әйелдер кеңесі» АҚ Сіздің инаугурация рәсімінде жариялаған 5 институттық реформаны іс жүзіне асыру жөніндегі міндеттерді бірауыздан қолдайды. Біз экономикалық бағдарламалардың тиімділігін және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған қазіргі заманның автономды мемлекеттік аппаратын құру бүгінгі таңда өте ауқымды маңызды міндет деп есептейміз. Меритократия қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметке тең дәрежедегі қолжетімділікті, қызметкерлерді ынталандырудың және лауазымдық өсудің әділ жүйесін қамтамасыз ету – бұл мемлекеттік аппараттағы реформалар жүйесін жүргізудің жалғасы болып табылады. Мұндай жүйе жаңа мүмкіндіктер ашады және бүгінгі заманның қызметкерлерін ынталандырады. Сіз ұсынған шаралар транспаренттілік және серіктестік негізінде азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен қарым-қатынас жасау тетігін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігіне біз сенімдіміз. Экономикалық өсім үшін жағдай жасайтын жекеменшік құқықтарына кепілдік және заңға үстемдік беру азаматтардың іскерлік белсенділігін арттырады. Сот жүйесінің кәсіби деңгейін және құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру азаматтардың бұл жүйелерге деген сенімін күшейтеді. Сонымен бірге, азаматтық бастамаларды іс жүзіне асыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Ірі бизнесті, қайта өңдеу өндірісін және шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға оң серпін береді және жалпы алғанда азаматтық қоғамды дамытуға бағытталады. Мемлекет басшысының халықтық реформалары – баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет ретіндегі Қазақстанның ойдағыдай дамуы жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Республикалық Әйелдер кеңесі.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ауғанстандағы  соғыс ардагерлерінің ассоциациясы Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіз инаугурация рәсімінде сөйлеген сөзіңізде, әдеттегідей біздің еліміздің болашақ дамуының барлық маңызды бағыттарын айқын белгіледіңіз. Институттық реформалар ретінде Сіз ұсынған қазақ­стандық мемлекеттілікті одан әрі ны