• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2015

Маңғыстау соттарында 42 мыңнан астам іс қаралған

224 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 30 қаңтар. Маңғыстау облысы соттарында өткен жылы 42 171 іс пен материал қаралған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты хабарлады. Өткен жылы Маңғыстау облысы соттарымен қаралған істер мен материалдар – 2013 жылмен салыстырғанда 4 мың іске артық. Маңғыстауда аса ауыр қылмыс бойынша көрсеткіш 82 адамнан 41 адамға кеміген және барлығы бас бостандығынан айрылу жазасына кесілген. Ал ауыр қылмыстар жалпы қылмыстың 39,0 пайыздан 40,0%-ға,  ауырлығы орташа қылмыс бойынша 34,6%-дан 35,3%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 17,2%-дан 19,5%-ға артқан. Маңғыстау облысы бойынша ең көп кездесетін қылмыс түрлері ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және тонау қылмыстары болды. Сыбайлас жемқорлық қылмысымен айыпталған 41 тұлғаға байланысты 32 қылмыстық іс түссе, есірткіге байланысты 2014 жылы 47 тұлға сотталып, оның 44-і бас бостандығынан айырылған. Экономикалық контрабандаға байланысты 14 тұлғаға қатысты 13 іс қаралып, барлығы түрмеге отырғызылған. Маңғыстауда сондай-ақ, әйел адамдармен жасалған қылмыстар 2013 жылмен салыстырғанда 135-тен 191-ге артқан. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: Маңғыстау облыстық соты. Сурет: Серік Майемеров.