• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:45

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі 5 жылға сотталды

23 рет
көрсетілді

Сот Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Самат Ескендіровті алдап-арбау арқылы үлескерлердің жерлерін сатып жібергені үшін шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Ескендіров және басқа тұлға несие алу мақсатында ЖШС қатысушыларының келісімінсіз жалған жиналыс хаттамаларын дайындап, кепілге Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін берген.

Салдарынан Ескендіров бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ауыл тұрғындарының шартты жер үлестеріне құқықты иемденіп, жер учаскесіне құқықтарды кепілге қою және иеліктен айыру арқылы жәбірленушілерге аса ірі көлемде материалдық залал келтірген.

Ескендіровтің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, тәркіленген төлем тапсырмаларының, сараптаманың және тәуелсіз аудитордың қорытындыларымен дәлелденген.

Сот жаза тағайындау кезінде қатаң жазаны талап етпеген жәбірленушілердің пікірін ескерген.

Оның үстіне 2023 жылы сот актілері ЖШС құрылтайшылары жиналысының шешімі мен құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісімнің күшін жойды. Демек, сотта қаралған іс бойынша жәбірленушілерге жер телімі қайтарылған.

Нәтижесінде сот Ескендіровті Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.