Оқиға 20 Қараша, 2024

Павлодарда өртенген ғимараттан адам мәйіті табылды

120 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға бүгін, 20 қарашада Бекмаханов көшесінде болған, деп жазады Egemen.kz.

«Шақыртуға дереу шыққан өрт сөндірушілер жеке тұрған ғимараттың жанып жатқандығын анықтады. Өртті жою барысында екі газ баллон шығарылды», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

15 шаршы метрді қамтыған өрт жедел сөндірілген, сол жерден ер адамның мәйіті табылған.

Тілсіз жаумен күреске департаменттен 15 қызметкер, 5 техника жұмылдырылған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.