• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2015

Елбасы Астана, Алматы және облыс әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 сәуір. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                                                             Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір № 3