23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жәпек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт туралы кезекшінің жедел байланыс желісіне қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ.