• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2015

Меркель Грекияны қарыздары жойып жіберілмейтінін айтты

238 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Германияның канцлері Ангела Меркель Грекияның қарыздарын сызып тастау мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. «Жеке кредиторлар бұл қарыздарды сызып тастаудан бас тартты», - деді осыған орай неміс үкіметінің басшысы. «Мен қарыздарды бұдан әрі сызып тастаудың ешбір мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын», - деп атап өтті Меркель. Канцлер еске салғандай, Афинаға қаржылай көмек беруді одан әрі жалғастырудың басты шарты Грекияда реформаларды жүзеге асыру болып табылады. Осы ретте Меркель Еуропаның Грекиямен және басқа да елдерді дағдарыстан алып шығу үшін олармен «ынтымақтастықты жалғастыра беретінін» білдірді. Бірақ бұл үшін олардың өздері алдымен «реформаларды өмірге енгізіп, үнемдеу саясатын ұстанулары» тиіс. Германия канцлері гректің жаңа үкіметінің елді дағдарыстан шығаруға арналған өз экономикалық бағдарламасы болуы керектігін айтты. Қаңтардың 25-і күні өткен Грекияның парламент сайлауында СИРИЗА партиясы жеңіске жеткен еді. Оның лидері сайлау өткен бойда Грекияның бұрынғыдай қатаң үнемдеу тәртібімен өмір сүрмейтінін, бұл үшін үш басты кредитордан елдің қарыздарын қайта қарап, бір бөлігін жойғызып жіберетіндерін мәлімдеген еді. Қазір Эллада елінің барлық қарыздары жалпы ішкі өнімнің 150 пайызын құрайды. Мұның өзі бұдан әрі дамудың өте қиынға түсетінін көрсетеді. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Lenta.ru.