• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Желтоқсан, 2024

Қарағандыда екі көлік соқтығысты

76 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты кеше, 1 желтоқсанда Алматы-Екатеринбург тас жолының 1045-ші шақырымында болған.

«Hyundai және Volkswagen Golf көліктері жол-көлік оқиғасына ұшырады. Апат салдарынан 12 жастағы жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Көлік құралдары механикалық зақымданған», делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар