Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға 27 қарашада Алматының Түрксіб ауданында болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың 56 жастағы танысы оларды жанжал барысында өлтірген.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.