Түркияның Денизли провинциясының Сарайкей қаласында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Одан бөлек 20 жолаушы жарақат алған, үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға аудандағы негізгі тас жолдардың бірінде болған. Соқтығыстың қатты болғаны сонша, кейбір жолаушылар автобустың ішінде қысылып қалған. Зардап шеккендер көліктерінен эвакуацияланып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
Оқиғаның нақты себебі әлі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға жүргізушілердің бірінің абайсыздығы немесе жолдың қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.