• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астана тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді

48 рет
көрсетілді

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткіні заңсыз таратқан деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктінің елдің оңтүстік өңірлерінен тыйым салынған заттарды әкеліп, тұтынушыларды іздеп, олармен әлеуметтік желі арқылы келіссөздер жүргізгені анықталған.

«Осы мақсатта ер адам пәтер жалдап, одан әрі сату үшін есірткіні ораумен айналысқан. Тінту кезінде шкафта сұр-қара түсті зат салынған пакет, арнайы иісі бар өсімдік тектес заты бар фольгаға оралған пакеттер, электронды таразылар, 5 мың дана көлеміндегі бос zip-lock қаптар, сондай-ақ 7,5 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат анықталып тәркіленді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар оның тұрғылықты жерінен «ОСА» травматикалық тапаншасы мен «РАК» травматикалық оқтарын атуға қабілетті газды тапанша және 9 резеңке патрон тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтан тәркіленген заттар салмағы 2 келіден асатын қарасора шайыры екені анықталған.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған.