Талғар қаласының шетінен Шерзат Болаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.
«Талғар маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер марқұмның отбасы осы кезге дейін полицияның қорғауында екенін атап өтті. Марқұмның отбасына ешқандай қауіп төнбеген.
«Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да жеке көлігімен кетіп қалған», делінген хабарламада.