• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Шахмат 11 Желтоқсан, 2024

Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

82 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахматтан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған еді. Түрлі әлем чемпионаттарына да қатысқан.