• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Желтоқсан, 2024

Ақтөбеде алаяқ ақсақалды алдап, ақша алған

85 рет
көрсетілді

Алаяқ 92 жастағы ақсақалды алдап, қомақты қаржысын алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алаяқ келіншек өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, ескі купюралардың жаңасы шығып жатқанын, ақшаны ауыстыру керегін айтып, қарттың 600 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткен. Ақсақал, алданғанын ұғып, полицияға жүгінген.

Алматы тұрғыны болып шыққан күдікті ақшаны қажетіне жұмсап үлгерген екен.

Ол тергеу барысында тағы бір алаяқтық әрекетін мойындаған.

Соңғы жаңалықтар