• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 08:30

Экспортта рекордтық өсім бар

12 рет
көрсетілді

Алматы облысында экспорт географиясының кеңеюі – аймақ­тың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі. Бүгінде облыс 63 елге өнім экспорттаса, оның 90%-ын өңделген өнім құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, экспорт көлемі 565 млн доллардан 581 млн долларға өскен. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жан-жақты баяндады.

«Биылғы басты мін­детіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эко­номи­ка­ның 6 пайыздық өсі­мін қам­та­масыз ету жөніндегі тап­сыр­масын орындау болды. Қабыл­данған іс-шаралардың нә­тиже­сінде, өткен 11 айдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ды құрады, барлық негізгі салаларда оң динамика қамтамасыз етілді», – деген өңір басшысы өнеркәсіп – 6,9%-ға, сауда – 13,2%-ға, құрылыс – 20,6%-ға, көлік қызметі – 21,0%-ға артқанын атап өтті.

Өңір экономикасының қар­­­қынды дамуына инвес­ти­ция­ның көптеп тартылуы оң әсер еткен. Биыл облысқа 22,5% өсім­мен (ҚР – 3,1%, 5-орын) 778 млрд теңге инвестиция тартыл­ды. Инвестициялардың ұл­ға­юы­­мен қатар көрші елдермен ын­тымақтастық та жыл санап ны­ға­йып келеді.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Соңғы үш жылда облыс ор­та­лығы – Қонаев қаласының ин­женерлік инфрақұрылы­мын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, 48 көпқа­бат­ты тұрғын үйдің шатыр­ла­ры ­ауыстырылып, қас­бет­тері жөнделсе, 61 шақы­рым ин­женерлік-жол инфра­құ­ры­лы­мы жаңартылып, 41 аула, қо­ғам­дық бақтар мен спорт алаң­дары абаттандырылды. Жал­пы алаңы 133 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­рілді. Оның айтарлықтай кө­лемін жеке құрылыс компа­ниялары жүзеге асырып (79,5 мың шаршы метр, 859 пәтерлі 19 үй), қаланың тартымдылы­ғын арт­тыратын «Аристократ», «SUN CITY», «NJ Towers» сынды заманауи тұрғын үй кешен­де­рі бой көтерген. Сондай-ақ 900 орындық мектептің құрылысы аяқталды.

Орталық саябақ пен Қап­шағай көлінің жағажай аймақ­тары жаңғыртылып, «Qonaev International Balloon Fest» фес­тивалі, «Oceanman» ашық су жарысынан ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі турис­тер санының 6,5%-ға артуына әсер еткен. Келесі жылы әлем­дік деңгейдегі 4, 5 жұлдызды бренд­тік екі қонақүйдің құрылысы бас­талмақ. Бұл туризм инфра­құрылымын халықаралық стан­дарттарға сай дамытуға септігін тигізеді.

Қонаев қаласын дамыту Үкі­мет қаулысымен бекітілген Ке­шенді жоспардың аясында жү­зе­ге асырылып жатыр. Құжат­та 187 іс-шара қарастырыл­ған, оның 148-і бюджет қаража­ты, 39-ы жеке инвестиция­лар есебінен. 2023–2024 жылдары 124 нысанның жобалау-сме­талық құжаттамалары әзір­ленген. Мемлекеттік сараптама аяқталған соң құрылыс жұмыс­тары басталатындығын баяндады өңір басшысы.

«Биыл 9 қаңтарда Пре­зи­денттің Жарлығымен облыста Алатау қаласы құрылып, мамыр айында қаланың Бас жос­пары, қазан айында шекарасы бекітілді. Оның жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Үкімет жанынан жобалық кеңсе құрылып, екі ай көлемінде өз қызметін ат­қарып келеді. Қала аумағында құрылған арнайы «Алатау» эко­номикалық аймағы көлемі жа­ғынан (96 мың га) әлемде алғашқы үштіктің қатарына кіреді. Алатауды заманауи қала ретінде дамыту мақсатын­да Сингапур, Қытай елдерінен кеңесшілерді тарта отырып, халықаралық тәжірибеге сүйе­ніп отырмыз. Бұл елдер қала құры­лысы, инфрақұрылым, кө­лік жүйесі, «ақылды» технология­лар арқылы қаланы басқару сала­сындағы жетістіктерімен танымал», деді М.Сұлтанғазиев.

Облыс орталығы мен Алатау қаласын кешенді дамыту Алматы агломерациясының көптеген мәсе­лесін шешіп, әлеуетін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда айналма жолдың бойына жалпы инвес­тиция көлемі 775 млн доллар­ға жуық болатын бес халықара­лық компания тартылды. Олар өндіріс көлемін ұлғайтуға зор ықпал етіп отыр.

Облыс ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіруде 8,0% үлесімен еліміздегі көшбасшы өңір­лер­дің бестігіне кіреді. Ет, көкө­ніс­­тер мен жемістер, картоп, жүге­рі, соя, күріш өндіруде респуб­ли­ка­да­ғы жетекші орындар­дың бірі­не ие. Биыл 4 мыңға жуық (3963) ауыл шаруашылығы тауар­ өн­дірушілеріне 29 млрд теңге суб­сидия бөлінген. Президент­тің тап­сырмасына сәйкес салада суар­малы егістікті ұлғайтуға ба­сымдық беріліп отыр. Бүгін­гі таң­да су үнемдеу технология­ларын қолдану көлемі 20 мың гектардан 43,6 мыңға дейін ұл­ғай­ған. Өз кезегінде желілердің тозу деңгейінің жоғары болуы (60-70%) су шығының артуына әкеліп отыр. Сондықтан соң­ғы үш жылда 89,5 шақырым суару желілерін жаңғыртуға 12,0 млрд теңге бөлінген.

Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. 2023–2024 жылдары 8,3 млрд теңгеге 1094 жеңілдетілген не­сие берілді. Бұл 46 ауыл ша­руашылығы кооперативтерін құ­руға, 130 шағын және орта биз­нес нысанын ашуға, сол арқылы ­ауыл халқының орташа табы­сын ­258,4 мың теңгеден (2023 жылы 3-тоқ­сан) 293,4 мың теңгеге дейін ­(2024 жылы 3-тоқсан) арттыру­­ға ­мүм­кіндік беріп отыр. Бүгін­де облыста кәсіпкерлік қарқын­­ды дамып жатыр. Жалпы, өңір­лік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі үш мегаполис­тен кейін (Астана, Алматы, Шымкент) 45% көрсеткішпен елі­­мізде 4-орынды иеленеді.

Алматы облысы үшін тағы бір орны ерекше бағыт – туризм. Аймақ шет елдерден ке­ле­тін туристік ағын бойынша Алматы және Астана сияқты ірі қалалардан кейін 3-орында тұр. Соңғы екі жылда табиғаты ғажайып өңірге келушілер саны екі есе өскен. Биыл туристер саны 1 809,9 мың адамға жеткен. Оның ішінде 128 мың турист – ше­телдік қонақтар, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 12 есе артық.

«Биыл жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын бірқа­тар ны­сандар іске қосылды. Олар­­дың ішінде саумал терапиясына баса назар аударылатын таулы шат­қалдардағы сауықтыру ке­шендері бар. Сондай-ақ «Қара шат­қалда» инвестиция құны 1,5 млрд теңге болатын шыны көпір салу, 58 млрд теңгеге «Ой-Қарағай» курортын кеңейту сияқ­ты ауқымды бастамалар бар. Қонаев қаласында аквапарк ­салу жоспарланып отыр. Мұн­дай жобалар аймақтың турис­тік тартымдылығын арттыру­­ға, мәдени, іскерлік әріптестік­ті ке­ңейтуге ықпал етеді», деді М.Елеусізұлы.

Жұмыс орындарын құру­­дың өңірлік картасы аясында жыл ­басынан бері 57 мың жұмыс ор­ны құрылып, 34 мың адам тұрақ­ты жұмысқа орналастырыл­­ған. Бизнес-идеяларды іске асы­­ру мақсатында әлеуметтік осал са­наттағы 259 адам 400 айлық есеп­тік көрсеткішке дейін грант алып, өз ісін ашқан.

«Жайлы мектеп» ұлттық жо­басы аясында биыл 24,9 мың орын­дық 26 мектептің құрылы­сы басталды. Жыл басынан бері 9 мың орындық 9 мектеп, оның ішін­де 2 мектеп Болат Өте­мұ­ра­тов қорының есебінен, 1,5 мың орын­дық «Altyn adam» жеке ин­новациялық мектебі ашыл­ды. Жыл соңына дейін 6,3 мың орын­дық тағы 5 мектепті қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сапалы ме­ди­циналық көмек көрсету де ба­сымдықтардың бірі. Бүгінде 47 медициналық нысан салынып жатыр, оның 38-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады.

Мәдениет және спорт сала­ла­рында да тың серпін бар. Ра­йымбек, Кеген аудандарын­­да мәдениет үйлері салынды. ­Бас­­па­сөз жиынының соңында ­қа­­­зақ әдебиетінің классигі Берді­бек Соқпақбаевтың 100 жылды­ғын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту аясында ұйымдастырыл­­ған іс-шаралар тізбегімен та­ныс­ты­ра келе, өңір басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.